Теннис • 18 Қыркүйек, 2017

Зарина Диас WTA рейтингінде 37 сатыға көтерілді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Диас жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Диас WTA рейтингінде 37 сатыға көтерілді

Зарина Japan Women's Open Tennis финалында жапон теннисшісі Миа Катоны бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 7:5 есебімен басым шықты.

 Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі.  Қазақстандық теннисші жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, 280 рейтингтік ұпайға ие болды. Сондай-ақ 43 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады.

"Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рахмет! Алға Қазақстан!" - деп жазды теннисші Іnstagram желісіндегі парақшасында.