Заң жобасы аса қауіпті, яғни сананы улайтын заттардың 88 құрылымдық түрін бақылауға алуды, сондай-ақ Үкіметке шағын заң актілері деңгейінде бақылаудағы заттардың тізімін бекіту бойынша уәкілеттік беруді көздейді.
Заң жобасын қабылдау есірткі бизнесінің және трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысының жаңа сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасауда қабылдап жатқан шараларды барабар және уақытылы қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығының ажырамас құқықтарын қорғау деңгейін арттыру үшін қолданыстағы есірткіге қарсы заңнамалық жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы қолда бар есірткілерге қатысты, сонымен қатар, болашақта пайда болуы мүмкін қауіпті есірткі заттарға қатысты қолдану саласын кеңейтуге бағытталған. Заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен мақұлданған. Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.