Бүгінде барлық мектеп әдебиеті Алматы басылымында басылып шығарылады. Негізгі себеп оқулықтар тиелген вагондар шартта көрсетілген мерзімінен кейін жіберілгенімен байланысты.
«Таяу күндері оқулықтардың соңғы партиясы тиелген вагондар Астанаға келеді. Апта соңына дейін елорданың барлық мектептеріне кітаптар таратылатын болады, -деп түсіндірді Ж.Асанова.
Сонымен бірге, осы жылы Астана мектептерінің барлық кітапханасы ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттерді алды. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 200 млн. аса теңге бөлінді.
«Елорданың барлық мектептерін шетел әдебиеттерімен жабдықтау – мұғалімдерге жақсы әдістемелік көмек. Сонымен бірге, ағылшын тілінде кітап оқу мектеп оқушыларына өзінің сөздік қорын толықтыруға және тіл дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді», – деп Ж. Асанова атап өтті.