Оның мәлімдеуінше, бұл жерге көшеттер емес ұзындығы 6-7 метрлік үлкен ағаштар көшенің екі жағын бойлай отырғызылады.
«Сәулет жобасының идеясына сәйкес алаңда декоративті алма ағаштарының бағы отырғызылады. Алма ағаштары аллеясы қала тұрғындарының жиналатын сүйікті орнына айналады деп сенеміз. Өйткені, ағаштар гүлдеген кезде бұл жерде керемет көрініс болады. Айта кету керек, ағаштар жеміс бермейді», деді Роман Шнайдерман.
Панфилов көшесінде қазір орындықтар, түрлі архитектуралық пішіндер қойылған. Көше шамдары жаңартылған. Өткен ғасырдың 30 жылдары төселген ескі кеспе тастар да тарихи мұра ретінде жолға төселген.
Панфилов көшесінің бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралықта демалатын орындар, спорт және балалар алаңдары, абаттандырылған веложолдар пайда болған. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында құрғақ субұрқақтар іске қосылған. Арық жүйелері жаңартылып, барлық инженерлік инфрақұрылым алмастырылды. Көше ашылғалы бері бұл жерде тұрғындар, қонақтар демалыстарын өткізіп жүр. Ала жаздай жүргізілген жұмыстардың арқасында қаланың тарихи орталығының 1/3 бөлігі қайта жаңғыртылды.
Қала билігі бұл мақсатта 8 млрд теңге жұмсаған.