Кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!

Егемен Қазақстан
22.09.2017 313

 Егер мектепке дейінгі және мектеп жасында балаларыңыз бар болса; 
 Егер болашақты ойлайтын ата-ана болсаңыз; 
 Егер балаңыз білім гранттарының үйлестірілуіне тәуелді болмасын десеңіз;  
 Егер балаңыздың банкте оның болашағына арналған жеке шоты болғанын қаласаңыз, онда кірісіңіздің бір бөлігін балаңыздың келешекте Қазақстанда не шетелде білім алуына жинақтауды бастайтын кез келді!  

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде білім беру депозитін ашып, ай сайын банктен сыйақы (банкке байланысты 14%-ға дейін) және жылына бір рет мемлекеттен сыйлықақы (5% немесе 7%) алатын боласыз.

7% сыйлықақы басымдылықты санаттағыларға: жетім балалар, мүгедектер, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларындағы балаларға беріледі. 

Осылайша депозит бойынша жалпы табыстылық жылдық 21%-ға дейін болады. 

Көрнекілік үшін ай сайынғы жарналар әртүрлі болғандағы жинақтаудың үлгі есептерін алып көрелік. Мысалы, бастапқы жарна 7000 теңге, банктің пайызы 13,5%, мемлекет сыйлықақысы 5% болғанда:

Жоғары табыстылық және пайыздардың капиталдандырылуы жинақты ақшаның құнсыздануынан қорғап қана қоймай, қомақты қор жинауға мүмкіндік береді. Өйткені, пайыздардың капиталға айналуы салым бойынша жиналған пайыздардан қосымша депозиттік пайда алуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелердің төмендеу үдерісі байқалуда, сондықтан МБЖЖ шеңберінде банктің 12% -14% ағымдағы пайыздық мөлшерлемелерімен депозит ашуға асыққандарыңыз жөн. 

Айта кететін маңызды жайт, бұл депозит үшінші тараптардың тыйым салулары мен басқадай шектеулерінен заңнамамен қорғалған (ҚР Азаматтық кодексімен; ҚР Қылмыстық-процестік кодексімен; ҚР Азаматтық процестік кодексімен;

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңымен; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңымен).

Сондай-ақ білім беру депозиттері 10 миллион теңгеге дейінгі сомада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.

Сонымен қатар, жинақтың сомасы мен мерзімдерін салымшы өз бетінше белгілейтіндігін айта кету керек. Бұл сіздің отбасыңыздың бюджеті үшін өте қолайлы және оған жүк түсірмейді. Жинақтауды жалғастырып, мемлекет сыйлықақысын ала отырып, оқудың ақысын бөлшектеп төлей алатыныңыз да аса оңтайды.

Жоғары білім алуға білім грантын иеленген жағдайда салымшы жинағын мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға, оны басқа тұлғаның атына аударуға, білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.

Салымшы кез келген уақытта шартты бұзып, өзінің салған ақшасы мен банктің сыйақысын ала алады. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы мемлекет бюджетіне қайтарылады.

Статистикаға сүйенсек, халықтың МБЖЖ-ға деген сенімі күннен күнге артып келеді.  Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғалы бері 4 жылда 18000-ға жуық салымшы жалпы сомасы 12 млрд теңгеге білім беру депозиттерін ашты.  

МБЖЖ шеңберінде үнемі әлеуметтік әлсіз топтағы балаларға білім депозиттерін ашуға арналған қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі.

Айта кетерлігі, 2017 жылғы 6 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ «Қаржы орталығы» АҚ-пен бірлесіп, Қазақстанның Парламент депу­тат­тарының, көрнекті қайраткерлерінің, бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің аз қамсыз­дандырылған отбасылардағы балалардың атына білім беру депозиттерін ашуына бағытталған «Жарқын болашақтың кепілі!» қайырымдылық акциясына бастау берген болатын.

Бүгін бастасаңыз, ертең балаңыз қалаған білімін ала алады!

Депозитті ашу үшін МБЖЖ-ға қатысушы банктердің біріне бару қажет, олардың шарттары төмендегідей: 

Тағы бір қызықты жайт, мейлі ол екінші жоғары білім, не магистратура болсын,  МБЖЖ-ның көмегімен ересектер де өзінің оқуына ақша жинақтай алады.

Толығырақ ақпаратты  8 (800) 080-28-28 (байланысу ТЕГІН) нөмері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның жедел желісіне хабарласып, немесе www.fincenter.kz, www.depozit.fincenter.kz сайтынан ала аласыз.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікір білдірді

19.01.2018

ОҚО тұрғындары салымдарының басым бөлігін ұлттық валютада сақтауда

19.01.2018

Ақтөбедегі автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды

19.01.2018

Нұрлан Ноғаев: Шақырылған дәрігерлерге қолайлы жағдай жасауымыз керек

19.01.2018

Маңғыстаулық ұстаздар баспаналы болды

19.01.2018

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

19.01.2018

Маңызды мүмкіндіктер

19.01.2018

Шаттық Батан шығармалары шашқан шуақ

19.01.2018

Атаның ақылы

19.01.2018

Айгүл Үсен. Балдырған рухани сүйенішке мұқтаж

19.01.2018

Жүсіпбек Қорғасбек. Балалар әдебиетінің кейіпкері мен идеясы

19.01.2018

Бекен Ыбырайым. Виртуалды кеңістік тұтқыны немесе ұрпақты өз діліне қалай қайтарамыз?

19.01.2018

Өмірсүйгіштікке тәрбиелеп жүрміз бе?

19.01.2018

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

19.01.2018

Электронды пішімдегі квота диқанның көңілін көншіте алды ма?

19.01.2018

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

19.01.2018

Ғажайып жаңалықтар

19.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі»: түйін және болашаққа көзқарас

19.01.2018

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәлімдемесі

19.01.2018

Елбасы Goldman Sachs басшысымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу