Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017

Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызы іске қосылады

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматыдан Оралға пойызбен жету уақыты қысқаратын болды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызы іске қосылады

2017 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сыртқы істер министрліктерінің өкілдері арасында ратификациялау туралы грамоталармен алмасу рәсімінің қорытындысы бойынша 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгертулер енгізу жөнңндегі хаттама күшіне енгізілді.

Осыған орай, қазақстандық жолаушылар пойызы Ресей Федерациясы аумағында тоқтаусыз жүрген жағдайда Жайсаң – Илецк – Шыңғырлау шекара маңы учаскесінде шекаралық тексерудің барлық түрлерінен босатылады. Бұл жол жүрудің уақытын едәуір қысқартады.

2017 жылғы 26 қыркүйекте Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызы іске қосылатын болады. 

№ 49/50 «Алматы-Орал» және № 95/96 «Астана-Орал» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызының жол жүру уақыты осы бағытта жүретін басқа пойыздармен салыстырғанда 22 және 13 сағатқа аз. 
Пойыз құрамында жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы вагондар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50