Ел есінде қалатындай оқиғалар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өр Алтайдың төріндегі облыс орталығы мен аудан-қалаларда күн сайын дерлік өтіп жатыр. Жыл басынан бері өзендер өрнектеген Өскемендегі өркенді өзгерістер елдің ертеңге деген сеніміне шуақ ұялатып, көңіл қылын тербегендей. Облыс орталығындағы түсті металлургияның алыбы «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде серпінді жоба бойынша жаңа зауыт іске қосылды. Жақын күндері тағы бір өндіріс орны ашылмақ. Жақында ғана ғасыр металын өндіруші тағы бір өндіріс – «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамында Оңтүстік Кореяның «Поско» компаниясымен бірлесіп шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Ол екі жылдан кейін пайдалануға берілмек. Кенді Алтайдағы басқа өндіріс орындары серпінді жобалар бойынша еңбек етіп, ел байлығын еселей түсуге үлес қосуда.
– «Шығыс шынары» атты халықаралық ақындар мүшәйрасы екінші рет Өскеменде дүркіреп өтті. Оған бір мыңға тарта жазба ақындары шығармаларын ұсынып, кенді Алтайдың табиғатын, Абайды, өркенді қаланың ертеңгі келбетін жырларына арқау етті. Өңірдің қос қаласы Өскемен мен Семейде апта сайын жәрмеңкелер өтіп, әншілер тұрғындарға әннен шашу шашуда. Зайсан мен Катонқарағай аудандарында Бәйтерек пен Тәуелсіздік алаңдары, Зырян, Риддер қалалары мен бірқатар аудандарда да «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 жарқын іс» акциясы бойынша мәдени-тұрмыстық ғимараттар бой көтерді. Енді, міне, тәуелсіздігіміздің мерейтойы қарсаңында Өскеменде Астана қаласының күндері өтуде, – деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жылда қалыптасқан үрдіс бойынша «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановпен кеше өткен кездесуінде.
– Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің оқырмандары жыл сайын көбейіп келеді, – деп әңгімесін жалғастырды өңір басшысы. – Соңғы екі-үш жылда газеттің облысқа тарайтын тиражы екі есеге жуық артып, қазір оның саны 12 мыңнан асты. Ал келер жылы өңірдегі газет таралымы 14 мыңға жуықтайды деген болжам бар. Өйткені, елдігіміз бен өрлігімізді, дамыған мемлекеттер қатарына қосылудағы ерен істерімізді күн сайын насихаттап келе жатқан бас басылымға деген оқырмандар ілтипаты ерекше.
Сауытбек Абдрахманов аймақтың тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп берген облыс әкіміне алғысын білдірді. «Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміз өзінің дана басшысы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен талай тар жол, тайғақ кешуден, асулар мен белестерден өтті. Қиындықтар артта қалды. Қазір әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін еліміз бойынша серпінді жобалар іске асырылып жатыр. Кенді Алтайда да оның нақты көріністері бар. Басылым мәртебесін көтеру, оқырманның жоғары талғамынан көріну үшін редакция ұжымы алдағы уақытта да ізденістер таныта береді. Қазір газеттің қай бетін ашып қарасаңыз да кең байтақ Қазақстанда жүзеге асып жатқан жарқын істер туралы көруге болады», – деді басылым басшысы.
Бұдан кейін Сауытбек Абдрахманов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, оларға «Егеменнің» алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32