Бұл америкалық Андре Уордтың (32-0, 16 КО) карьерасын аяқтағаннан кейін болып отыр. Ол ресейлік Сергей Ковалевті (30-2-1, 26 КО) жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF белбеулеріне иелік еткеннен кейін WBN рейтингінде көш бастаған болатын.
WBN нұсқасы бойынша P4P рейтингінің ТОП-10 тізімі:
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) – орта;
2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) – бірінші жартылай орта;
3. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) – екінші жартылай жеңіл;
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) – орта;
5. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) – жеңіл;
6. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) – екінші аса жеңіл;
7. Мигель Котто (41-5, 23 KO; Пуэрто-Рико) – бірінші орта;
8. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) – екінші аса жеңіл;
9. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) – жартылай орта;
10. Хорхе Линарес (42-3, 27 КО; Венесуэла) - жеңіл.
Головкин осыған дейін ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингіне иелік еткен болатын. Алдағы уақытта отандасымыз беделді The Ring журналында да көш бастайды деп күтіліп отыр.