Метеоқызмет дерегі бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады. Себебі, Қара теңіз аудандарынан Қазақстан аумағына суық және ылғалды ауа массалары ауысып жатыр. Қазгидромет таратқан мәліметке сүйенсек, 22-23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 22-24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында күн жауын-шашынды болып, соңы қарға ұласуы мүмкін.