Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды мерекемен құттықтады.
«Өткен жылы біз Сырдария өзенінің үстімен өтетін көпір салып, сол жағалауды игере бастадық. Қазір мұнда 18 көпқабатты үй мен 320 орындық балабақшаның құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, жастар орталығы, неке сарайы, көпсалалы аурухана, Қазақ орталық атқару комитетінің сызбасы негізіндегі Рухани жаңғыру орталығы салынуда. 2018 жылы республикалық бюджет есебінен 320 орындық балабақша, 600 орындық мектеп және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде емхананың құрылысын бастау жоспарлануда. Ал бүгін біз аймақтағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі – «Болашақ» университеті студенттік қалашығының құрылысын бастадық», - деді облыс әкімі өз құттықтауында.
10.8 га аумақты алатын қалашық ішінде 12 қабатты әкімшілік ғимарат, оқу корпустары, колледждер, студенттер сарайы, балабақша, дендросаябақ пен мегаорталық орналасатын болады.