Екі күннен бері әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің қаза тапқаны туралы хабарлап жатыр. Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің премьер-министрі Махмұд Джибрильдің мәлімдеуінше, М.Каддафи тұтқындалған кезде жаралы және тірі болған. Оның көзін жою жөнінде бұйрық берілмеген. Полковникті ауруханаға алып бара жатқанда, оның жақтастары мен өтпелі кеңес әскерлері арасында атыс болған. Атыс кезінде М.Каддафидің басына оқ тиіп, қайтыс болған.
БАҚ-тар М.Каддафидің «соңғы минөттеріне» байланысты әртүрлі болжамдар айтуда. Бірқатар БАҚ-тар М.Каддафи және оның жақтастары қоршауды бұзып, қашуға әрекет жасағанын, олар мінген автокеруенге әуеден соққы берілгенін, аман қалған бұрынғы ел басшысы мен шағын топ қаладағы кәріз құбырында жасырынып жатқанда тұтқынға алынғанын жазады. Ал куәлардың бірі «Рейтер» агенттігіне «Каддафиді тұтқындалғанға дейін күзетшілерінің бірі атып өлтірді», деп мәлімдеген. Дегенмен, Ливияны 42 жыл басқарған полковник атыс кезінде басына тиген оқтан қаза тапты деген ақпарат қисынға келетін сияқты.
Кеше М.Каддафидің өліміне байланысты АҚШ, Ресей, басқа да бірқатар мемлекеттердің басшылары енді Ливияда саяси тұрақтылық орнайтындығына сенімді екендіктері туралы мәлімдеді. Ал полковник елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты «құпия орында» жерленбек. Қай күні жерленетіні қазірге белгісіз.

Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14