Жыр додасын Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жүрсін Ерман жүргізді.
Алты сағатқа созылған аламан айтыстың нәтижесі бойынша бас жүлде қарағандылық ақын Мақсат Ақановқа бұйырып, 1,5 миллион теңге табысталды. Бірінші орынды Аспанбек Шұғатаев (1 миллион теңге), екінші орынды Еркебұлан Қайназаров (700 000 теңге) еншілесе, үшінші орынды (500 000 теңге) Дидар Қамиев пен Әсем Ереже өзара бөлісті. Арнайы жүлде (300 000 теңге) Айбек Қалиевке бұйырды.
Сөз сайысына Ғалым Жайлыбай, Арман Қани, Дәулеткерей Кәпұлы сынды сөз зергерлері қазылық етіп, бағасын берді. Сонымен қатар, аудан басшысы Оразгелді Қайыргелдинов айтыс өнерінің атасы атанған көрнекті ақын Жүрсін Ерманға «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Дәл осындай атақ Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовке де берілді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»