Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Балуандарымыз төрт алтын иеленді

189 реткөрсетілді

Ашғабадта өтіп жатқан жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындарының сегізінші және тоғызыншы күні Қазақстан құрамасының қоржыны сегіз алтын, төрт күміс және жеті қола медальмен толықты. Әсіресе балуандарымыз намысты қолдан бермеді. Олардың еншісінде төрт алтын, үш күміс және алты қола жүлде бар. 

Биылғы Азия ойындарының бағдар­ла­ма­сына белбеу күресі бойынша қазақ күресі ен­ген болатын. Төл күресімізден сынға түс­кен балуандарымыз намысты қолдан бер­мей, нәтижелі өнер көрсетті. Атап айтар бол­сақ, қазақ күресінен Айбек Нұғымаров (+90 кг) пен Қасымхан Түленбай (70 кг) чемпион атанса, Әділжан Ыстыбаев (90 кг) қола жүлдегер атанды. Ал белбеу күресінен Перизат Жақыпбекова Азия (70 кг) ойындарының алтын медалін иеленді. Әуезхан Құрбанқұлов (70 кг) және Ұлжан Дүйсембаевалар қоланы қанағат тұтты.

Жарыстың сегізінші және тоғызыншы күнінде Павел Воржев велоспорттың екі тү­­рінен алтын медаль иеленсе, Қазақстан құ­­рамасы командалық есепте де топ жар­ды. Әділ Қасқабай жүзу спортынан т­ұ­ғыр­дың бірінші сатысынан көрінсе, Әсем Садықова (69 кг) ауыр атлетикадан чем­пион атанды. Сондай-ақ муайтай спорты­нан Әбіл Ғалиев (54 кг), Вадим Лопарев (75 кг), Эмиль Умаев (81 кг) және велоспорттан Артем Захаров күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сонымен қатар құрама қоржынына қо­ла медальдарды белбеу күресінен Әуез­хан Құрбанқұл (70 кг), Ұлжан Дүйсембаева (60 кг), бильярд спортынан Әлихан Қаранаев, кикбоксингтен Әй­ге­рім Рахатова (56 кг), жүзу спортынан ко­мандалық жарыста және велоспорттан Сергей Пономарев салды.
V Азия ойындарының тоғыз күнінің қо­ры­тындысы бойынша Қазақстан құра­масы жал­пыкомандалық есепте 50 медальмен (15, 13, 22) алтыншы орын­ға тұрақтады. Әзір­ше Түрікменстан құрамасының спортшы­лары топ басынан түспей келеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жиһаз қоймасы өртенді

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Балуандарымыз бабында екен

Спорт • Бүгін, 09:39

Қазақ даласында 10 жыл ат үстінде

Аймақтар • Бүгін, 09:35

Ән мен дәм

Қоғам • Бүгін, 09:22

Әкенің беделі

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Қазақтың алтын қазынасы

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:35

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

Парламент • Бүгін, 08:14

Ұқсас жаңалықтар