25 Қазан, 2011

Мазмұнды әңгіме өрбіді

588 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ күніне және еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел болып өтті. Атал­ған іс-шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық кор­пустың және БҰҰ жүйесінің өкілдері қатысты.

Қатысушыларға арнап Қа­зақ­станның Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов пен БҰҰ-ның еліміздегі резидент-үй­лес­тірушісі С.Тулл сөз сөй­ле­ді. Өзінің сөзінде Е.Қазыханов 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының 46/224 шешімінде Қазақстан Респуб­л­и­ка­сы бірауыздан БҰҰ-ға мүше болып қабылданғанын атап өтті.

Бұл оқиға мемлекет үшін үлкен саяси мағына берді. Қа­зақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай «Бұл оқи­ғаның мәні баға жеткізгісіз. Біз халық­аралық құқық­тар­да­ғы өзіміздің ұстанымымызды дәлелдеп қана қоймай, әлемде қауіпсіздік ор­на­тудың негізгі жұмысында атал­ған беделді ұйымның мүд­делерін бірге қорғауға ат­салысып отырмыз», – деді.

 Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғалы бері халықаралық қо­ғамдастықпен ықпалдастығы арта түсті. Ұйым аясындағы барлық іс-шараларға үлкен белсенділікпен қатысып келеді. Ынтымақтастықты дамыту­дың басты қадамдары ретінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне ресми сапарлары мен БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмыстарына қатысуы және БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннанның 2002 жылы, Пан Ги Мунның 2010 жылы Қазақ­стан­ға жасаған сапарларын айтуға болады. Елбасының БҰҰ мінбесінен айтылған ха­лықаралық бастамалары қазір­гі уақытта сәтті іске асы­рылуда.

Дөңгелек үстелде С.Тулл Қазақстанның БҰҰ-мен 20 жылға жуық өнімді өзара ық­пал­дастығының негізгі сәт­те­рін, ынтымақтастықтың бола­ша­ғын, сондай-ақ қаты­нас­та­ры­мыздың жаңа сапалы дең­гейге өту мүмкіндіктерін атап өтті. Жиын барысында Қазақ­станның тұрақты дамуына бай­ланысты мазмұнды әңгіме өрбіді.