Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

 Салық түсімі 4,3 триллион теңгені құрады

106 реткөрсетілді

Биыл мемлекеттік бюджетке түскен салық мөлшері 2,2 пайызға көбейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов мәлімдеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

2017 жылдың 8 айында қазынаға түскен салық түсімі күтілген межеден артығымен орындалып, 102,2 пайызға жеткен. Яғни, мемлекеттік бюджетке салықтан түскен қаржы  4,3 триллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, А.Қыпшақов Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, 2017 жылғы 1 мамырдан бастап қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі оңайлатылған. «Салық төлеуші кабинеті» немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды өтініш беруге мүмкіндік енгізілген.

А.Қыпшақовтың айтуынша, қызмет көрсетуді территорияға қарамай жүргізуге қатысты 6 облыста қанат қақты жоба іске қосылыпты. Жаңа жүйеде кәсіпкер салық қызметін электронды түрде жүргізе алады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлерді есепке алу жүйесі де жеңілдетілген.

«2016 жылға дейін кәсіпкер бізге келіп, өтініш жазып, екі құжат өткізетін. Содан кейін 2 АЕК көлемінде тіркеу ақысын төлейтін. Биылдан бастап оның бәрін электронды түрге ауыстырып, төлемді алып тастадық. Қазір кез келген жеке кәсіпкер электронды хатпен өтінішін жібереді. Бұрын 2,5 сағат кететін жұмыс қазіргі таңда 9 минутқа жетпей орындалады», – деді А.Қыпшақов.

Қосымша құн салығын төлеушілерді тіркеу де жеңілдетілген. Бұрын мұндай қызмет көрсетуге 5 күн кетсе, қазіргі таңда 1 күн ішінде орындалады.

«Бюджетті кодтау классификациясына да тиімді өзгерістер енгізілді. Мәселен, бұрын азамат жер салығын төлеу үшін 8 түрлі код жазу керек болатын. Қарапайым адам үшін бұл қиындық туғызады. Бүгінде кодтар саны 2-ге азайтылды. Соның нәтижесінде, қате төлем мөлшері 40 пайызға төмендеді», – деп атап өтті А.Қыпшақов.

«Электрондық шот-фактура» жүйесін енгізу жөнінде де айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде, биылғы 1 қыркүйекке дейін 142 мың қолданушы тіркеліп, 17 триллион теңге сомасындағы 54 миллион электрондық шот-фактура жазылыпты. А.Қыпшақовтың айтуынша, мұндай жүйемен жұмыс жасау салық төлеуден жалтару деңгейін төмендетеді.

Комитет төрағасының орынбасары А. Қыпшақовтың деректеріне сәйкес, 2017 жылы мекеме 12,5 миллион түрлі қызмет көрсеткен. Соның 88 пайызы электронды түрде жүргізіліпті. Салықтық есеп пен берешектің болмауы жөніндегі анықтама алу қызметі басқаларға қарағанда ең көп қолданылған.

А.Қыпшақовтың сөзіне сүйенсек, мемлекеттік мекемелермен ақпараттық байланыс тиімді жүргізіліп келеді. Бұрын баж салығын қайтару үшін соттың шешімін қағаз түрінде әкелу қажет болатын. Қазір мұның бәрі автоматты түрде салық төлеушінің қатысуынсыз жүргізіледі. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлікті тіркеместен бұрын Кірістер комитетінен оның салықтары төленгені жөнінде анықтама қажет етілетін. Бүгінде ХҚКО қызметкерлеріне төлемді тексеруге рұқсат берілген.

Салық жүйесін жетілдіру барысында атқарылған жұмыстарды тұрғындар жоғары бағалап отыр. Осыдан он жыл бұрын кәсіпкерлердің елдегі салық жүйесіне қанағаттану деңгейі 41 пайыз болса, биыл бұл мөлшер 79 пайызға көтерілген. Сондай-ақ, халықтың қанағаттануы 84 пайызға ұлғайған.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар