– Биылғы біздің магистранттар қатарында Дидар Қамиев, Қамшыбек Қонқабаев, Василий Левит және Бақтияр Артаев сынды атақты азаматтар бар. Бүгін олар 1-курс студенттерімен кездесуге келді. Біздің университет жыл сайын осындай мерекелік шаралар ұйымдастырып отырады, дейді осы оқу арасындағы қоғаммен байланыс бойынша бас маман Лейла Ивадилинова.
«Жұлдызды» магистранттардан басқа кездесуге есімдері елге елеулі тұлғалар келді. Олардың кейбірі ҚЭУ-дің түлегі болса, кейбірі әлі де университетте жоғарғы білім алып жатыр. Қонақтар қатарында Олимпиада чемпионы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Серік Елеуов бизнесмен, Ерлан Нығматулин бар. Бірінші курс студенттерімен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те кездесті. Ол осы ЖОО-ның 4-ші курс студенті.
– Биылғы жылы мен ҚЭУ-нің магис-тратурасына «кедендік іс» мамандығы бойынша түстім. Бұл оқу ордасын бекерден таңдаған жоқпын – мұнда әрдайым спортшыларға қолдау көрсетілетінін білемін. Бірінші курс студенттеріне ірі мақсат пен сәттілік тілеймін – әркім өз мамандығында үздік болсын, – деді бокс-тан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2017-ші жылы Германияда өткен бокс бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚЭУ магистратурасына «кедендік қызмет» мамандығы бойынша Олимпиада ойындарының иегері Василий Левит түсті. Сонымен қатар, бұл жоғарғы оқу орнында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та оқитын болады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған. Ал атақты айтыскер Дидар Қамиев «құқықтану» бойынша білімін жетілдіреді.
Олардың барлығы мемлекеттік білім грантын алып, тегін оқиды.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы