Қаланың №4 сайлау округінен сайланған 25 жасар депутаттың өкілеттігін әріптестері бір ауыздан тоқтатты. Депутаттың өзі өкілдідігін тоқтату жөнінде сайлау комиссиясына арыз берген. Депутаттың мұнан басқа амалы жоқ еді.
Әрине, рудныйлық әр депутат әріптесінің қылығына жағасын ұстады. «Қыздың қылығы түзде» деген рас екен. Депутаттың жеңгетайлық жасағаны туралы күдік бар. Әлеуметтік желілер арқылы Юлия Каралаш қыздарға Араб әмірліктерінен, Бахрейн корольдігінен, Сингапурден, Қытай мен Түркиадан қымбат жұмыстар ұсынған. Журналистер байланысқа шыққанда, оның «қымбат жұмыс» дегені 2-3 аптада 5 мыңнан 10 мың долларға ақша табуға болатын «элиталық экспорт» екені белгілі болған. Жергілікті «Наша газета» газетінің сайты хабарлауынша, қазір ҚР ҚК 309-бабы бойынша бұрынғы депутатқа сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Рудный