Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалы ның қазіргі жағдайы дәл осы Крылов тың мысалындағыдай болып тұр. Көк темнен бастап, несие беруге тиіс қор қызметкерлері жаз бітіп, күз аяқталуға жақын қалғанда алқын-жұлқын, күнітүні, тіпті түнгі 12-ге дейін жанталаса жұмыс істеп жатыр. Қордың Өскемендегі филиалының ғимаратының алды құжы наған адам. Ауылдың қарапайым шаруа адамынан бастап аудан әкіміне дейін осында жүр. Бірнешеуімен cөйлеске німізде қор жұмысына өкпелері қара қазандай екендігін жеткізді. Ұлан ауда ны Ізғұтты Айтықов ауылының тұрғы ны Қаржаубай Қайратханның несие ала алмай әуре-сарсаңға түсіп жүрге ніне 6 айдың жүзі болыпты. «Әуелде қор қызметкерлері басқадай құжаттар ды сұратқан. Құжаттарды жинап әкел сек, бұларың жарамайды, басқа құжат тар қажет деп отыр. Шынын айтсақ, қағаздың соңында жүреміз деп әбден шаршадық. Обалы қайсы, аудан әкімі, ауыл әкімі де бізбен бірге жүр. Олар ға қояр кінәміз жоқ. Ауылда тұрған соң сүт машинасын, сүтті сақтайтын тоңазытқыш алсақ па деп ойлағанбыз. Кәсіп ашыңдар, ауыл шаруашылығымен шұғылданыңдар деп Елбасының өзі ай тып жатқан жоқ па? Бірақ мына мекеме етектен тартып, еңсемізді түсіріп отыр ған жоқ па?» дейді ол.
Бар жұмысты жиып қойып, екі аптадан бері құжаттардың жырымен Өскеменде жүрген Зырян аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Құттыбаева аудан тарапынан 70 миллион теңгеге 12 адам өтініш бергенімен соның тек жетеуі ғана қанағаттандырылып, тек екі адам 6 миллион теңге көлемінде несие алғанын тілге тиек етті. «Көктемде біздің аудан да ел қатарлы құжаттарын өткізді. Хабар болмай кеткен соң қорға барып білгенімізде жіберілген өтініштердің кейбірінің мүлде тіркелмегенін, тиісті жерлерге жеткізілмегенін, тіпті кейбір құжаттардың жоғалып кеткеніне көз жеткіздік. Мұндағылар уақыттың өтіп кеткендігін, ақшаның таусылып қалған дығын айтты. Содан әуелде 18 миллион теңгеге өтініш берген адамдарды 9 мил лион теңгеге келістіруге тура келді. Сөй тіп жүргенде қор қызметкерлері басқа құжаттар жинау керек, сәйкес келмейді деді. Содан не керек, ақырында бірнеше адам несие алудан бас тартты. Қор жұмысының жүйесіздігінен ауылдағы қарапайым адамдардың мемлекеттік бағдарламаларға мемлекетке деген сенімі жоғалып барады», дейді.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалының директоры Ғалымжан Таубаев өзінің 1 тамызда қызметке кіріскен дігін айтып, жұмысқа жаңадан келген қызметкерлердің үлгермей жатқандығын, мұнда жүргізілген тергеу шара ларының да жұмысқа кедергі келтір генін жоққа шығармады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен облыстық ауыл шаруашылығы басқар масы өңірде түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегендігін, қазір жағдай біршама ретке келгенін, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойын ша бөлінген 897 миллион теңгенің 548 миллион теңгесі берілгенін атап, қалған 355 миллион теңге 15 қазанға дейін игеріледі деп сендірді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жа купбаев филиал директорының «түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді» де ген сөзінің шындыққа жанаспайтын дығын, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан да көптеген жұмыстар жүргізілгенін айтты. Бас қарма басшысының айтуынша, минис трлікте кооперация бойынша арнайы құрылған департамент облыстың әр ауданында, әр ауылдық округінде жиын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. «Қордың қаржыны игермей жатқандығына алаңдаушылық білдір ген облыс әкімі Даниал Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігіне екі мәрте жеделхат жолдады. Соның нәтижесінде мұнда көмекке өзге өңірдегі филиалдар дан 10 маман келді. Олар келмесе, бұл қаржы да игерілмес пе еді. Қордың жұ мысын прокуратура үш ай тексерді. Сы байлас жемқорлыққа қарсы қызмет, есеп комитеті мен министрліктің өкілдері де қорға тексеру жүргізді. Қор жұмыс істеп жатыр, бірақ тым баяу. Өз деңгейінде емес. Қорға өтініштер толық берілген. Бірақ төлемдер дұрыс берілмей жатыр», деген басқарма басшысы қала мен аудан әкімдерінің мұнда соңғы екі аптада 4 рет келгенін, ал қор қызметкерлерінің дема лыссыз, мереке күндері де жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН