Елдің жемісті жетістіктерге жету жолында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын мақалада ашып көрсеткен еді. Әліпбидің тарихына көз жүгіртіп қарасақ, тамыры терең тарихтан бастау алады. Латын әліпбиін қолдану «Қазақстан-2050» Стратегиясында да айтылған еді. Сонымен қатар 2025 жылға қарай іс-қағаздарды, әдеби және ғылыми еңбектерді, баспасөз бетіндегі көлемді әрі тұшымды мақалаларды латын әліпбиіне толықтай көшіру міндеті тұр. Бұл міндет зор жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Иә, өткенімізді саралайтын, болашағымызды бағдарлайтын сәт туды деп есептеймін.
Әділбек ӨМІРЗАҚОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты