29 Қыркүйек, 2017

«Қазақстан-Семей» телеарна студиялары жаңартылды

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының құрамына кіретін «Қазақстан-Семей» телеарнасы өзінің жұмыс жүйесін жетілдіріп, заманауи бағытқа бет алып отыр.

«Қазақстан-Семей» телеарна студиялары жаңартылды

Көптен бері көрермендердің көзайымына айналған екі студия жаңартылыпты. Атап айтқанда, таңертеңгілік «Қайырлы таң!»  бағдарламасы  мен «Жаңалықтар» бөлімі енді соңғы үлгідегі жаңадан жабдықталған екі студияда түсірілетін болды. Бұл жұмыстар телеарна директоры Арсен Бектасовтың білікті басшылығымен жаз айларында жүрген екен.

- Биыл «Қазақстан-Семей» телеарнасы өзінің 52 жылдық тарихи кезеңіне бет бұрып отыр, - деді директордың орынбасары, танымал журналист Ержан  Жақып,- Осы 52 жылдың ішінде көптеген бағдарламалар өзгерді. Тек осы «Қайырлы таң!» мен «Жаңалықтар» ғана көрермендердің сұрауына орай жарты ғасырдан астам уақыт бойы үзіліссіз түсіріліп келе жатыр. Студияларымызды жаңартып, басқа да жаңа бағдарламаларды эфирге шығарудамыз. Сондай-ақ, ұлттық ою-өрнекті графикалық-эстетикалық ерекшеліктерді басты назарға алдық. Ұлт­тық сананы жаңғырту жөніндегі Елбасы тапсырмасына орай жасалған бұл өз­гертулеріміз аймақтық арналардың ішкі теле­нарықта дербес жұмыс жүргізуіне ықпал етпек. Және аудиторияны кеңейтуге бағыттаған негізгі шараларымыз да осы болып табылады. Көптеген әлемдік телеарналардағы үрдістерді саралап, заманауи трендтерді де ескеріп отырмыз. Алдағы уақытта балаларға, жастарға арналған көптеген бағдарламаларды қолға алмақпыз. Барлығы да ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар.

Раушан Нұғманбекова,

Семей

Суретті түсірген автор