25 Қазан, 2011

Телефон арқылы сөйлесті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымын, атап айтқанда, экономикалық ынтымақтастық жағдайын, Кеден одағының қызметін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.