Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017

Астанада жыл соңына дейін көше саудагерлерінің барлығы бірыңғай форма киеді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана кәсіпкерлері бірыңғай формаға қатысты бастаманы бірауыздан қолдады, деді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабева. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада жыл соңына дейін көше саудагерлерінің барлығы бірыңғай форма киеді

Бірыңғай форма бірқатар артықшылықтарға ие.

«Біріншіден, бірыңғай форма тез танылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары сол формаға қарап, заңды түрде жұмыс істейтін саудагерлерді ажырата алады», деді Р.Қауғабаева.

Жазда «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы шеңберінде қызғылт-сары түсті жаңа форманы алғаш болып жүзге жуық кәсіпкер иеленген болатын. Енді жаңа әмбебап форманы басқа да көше саудагерлері кие бастайды.

«Бірыңғай формаға көшу тәжірибесі сәтті болды. Енді жыл соңына дейін елорда көшелерінде саудамен айналысатан кәсіпкерлердің барлығына енгізуді көздеп отырмыз», - деді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі күні арнайы киімнің дизайны, түсі мен жиынтығы елорда кәсіпкерлерімен келістіріліп жатыр.