Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017

Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызылады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шара барысында 8500-ден адамның, 425-тен астам ПИК-тің қатысуы және 123 теxниканы жұмылдыру жоспарлануда. 

Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызылады

ПИК және өзге де ұйымдардың басшыларымен қала ауданын санитарлық тазалау, аудан аумағын абаттандыру, кіреберістер мен төбе жабындыларын жөндеу, қоршаулар мен қасбеттерді жаңарту, құрылыс қоқысын және тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару сынды мерзімдік күзгі-қысқы жұмыстар атқарылады. 

Онымен бірге жалпықалалық сенбілік барысында 255 ағаш отырғызу жоспарлануда. 

- "Есіл" ауданы бойынша 95 ағаш ("Ғашықтар" саябағында); 

- "Сарыарқа" ауданы бойынша 160 ағаш (Гете және Конституция көшелері). 

Айта кетейік, жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты - қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.