Атқарылған шаралардың қатарында: қоғамдық орындарда алкогольді сусындар ішу, темекі тұқылын жерге тастау, қоқыстар тастау және т.б. бұзушылықтардың алдын алу. Сонымен қатар «дөңгелек» үстел, брифингтер, конференциялар және т.б іс-шаралар өткізілді. Оқу бөлімдерінде, мекемелерде және басқа да ғимараттарда құқық-түсіндіру жұмыстары сондай- ақ, халықпен кездесулер өткізілді.
Еске салайық, халық арасындағы тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Астана қаласы аумағында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» атты кең ауқымды акциясы өткізілді.