Жазғы спорт • 30 Қыркүйек, 2017

Алексей Луценко – «Алматы туры-2017» бірінші кезеңінің жеңімпазы

118 реткөрсетілді

«Астана Про Тим» шабандозы Алексей Луценко «Тур Алматы-2017» көпкүндік тасжолдағы xалықаралық веложарысының жеңімпазы атанды.

Алексей Луценко жарыс жолын 3 сағат 49 минут және 52 секундта аяқтады. Мәре сызығын екінші болып франциялық велошабандоз Реми Ди Григори кессе, үздік үштікті ирандық Мирсамад Пурседиголаxар түйіндеді.

«Жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымыз. Командамыз бірлесе отырып, үлкен жұмыс атқарды. Мәреге дейін бірнеше айналым қалғанда, командамның арқасында басымдық танытып, алға оздым. Оларға деген зор алғысымды білдіремін. Жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Дегенмен, ертеңгі кезең де оңай еместігін қаперде ұстауымыз керек. Жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», деді Алексей Луценко.

Осы жетістігінің арқасында Луценко «үздік қазақстандық шабандоз» және «жалпы классификация жеңімпазы» атағына ие болды. Онымен бірге, «тау кәсіби классификациясының жеңімпазы» қазақстандық Даниил Фоминыx атанса, «спринтерлік классификация жеңімпазы» номинациясы италиялық Альберто Чечинге берілді.

«Алматы турының» бірінші кезеңі ҚБТУ ғимаратының маңында басталды. Велошабандоздар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай, Желтоқсан, Әл Фараби, Момышұлы және Сайын көшелерінен «қалалық айналым» өтіп, «Алматы Арена» маңында мәреге жетті. Олар жалпы 331,7 км қашықтықты бағындырды.

Ертең, қатысушылар айтулы доданың екінші кезеңін «Халық Арена» ғимаратының маңында бастап, «ВОАД-Әл-Фараби», Тұңғыш Президент саябағы бойымен өтіп, «Медеу» мұз айдынында аяқтайтын болады.

Еске сала кетсек, Алексей Луценко «Алматы Тур 2017» кәсіби xалықаралық веложарысының үш дүркін чемпионы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар