Екінші кезеңде даниялық Якоб Фульсанг 3 сағат 58 минут 01 секунд уақытпен алғашқы болып мәре сызығын кесті. Екінші орында қазақстандық Алексей Луценко 12 секундқа кешігіп жетті. Ал үшінші орынға швейцариялық спортшы Крис Стусси табан тіреді.
Осылайша, кәсіби халықаралық веложарыстың жалпы есебі бойынша Алексей Луценко «Алматы Туры - 2017» веложарысының чемпионы атанды. Оның жалпы уақыты 07:47:43. Айтулы доданың күміс жүлдесімен Алексейден 55 секундқа қалып қойған, Реми Ди Григори күптелді. Ал қоланы веложарысның екінші кезеңінің жеңімпазы Якоб Фульсанг қанағат тұтты – 01:04.
- Бүгінгі бәйге қиын берілді. Біздің ұжым екі күн бойы керемет өнер көрсетті. Бүгін Якоб басымдық танытады деп келіскен болатынбыз, өйткені ол таулы аймақтардың шебері, сондай-ақ, өз «сұрапылын» сезінуге мүмкіндік алды. Мәреге дейін 5 км қалғанда, Якоб бірінші жету үшін жағдайды бақыладым. Бұл менің осы маусымдағы соңғы бәйгем, енді туған Петропавловск қалама оралып, демаламын, келесі маусымға күш жинаймын, - деп бөлісті Алексей Луценко.
Сонымен қатар, қазақстандық Алексей Луценко "Спринтерлік классификация жеңімпазы", "Жалпы классификация жеңімпазы" және "Үздік қазақстандық велошабандоз" номинацияларын жеңді. Ал "тау кәсіби классификациясының жеңімпазы" атағына Таунсенд Рори ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, велодаданы қорытындылады:
- Біз «Алматы Тур» халықаралық веложарысын осымен бесінші рет өткіздік. Осы жылы кәсіби велодода жаңа деңгейге өсті. Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) келісімімен, көпкүндік тасжолдағы веложарыс атағына ие болды. Еуропа және Азия құрлығының 17 елінен 20 команданың қаламызда өнер көрсетуі біз үшін үлкен мәртебе. Біз велоспорттың дамуына аса көңіл бөлеміз. Astana Pro Team командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Мың бояулы Алматы қаласы - әлемдік деңгейдегі алқалы жиындар мен спорттық шаралар өтетін өңірлік Орталыққа айналды. Осынау спорттық іс-шаралар қалалық инфрақұрылымның қарқынды дамуына, тұрғындар арасында велоспортты насихаттауда, өзіндік ықпалын тигізері cөзсіз, - деп атап өтті қала әкімі Бауыржан Байбек.
Веложарыстың екінші кезеңі «Халық Арена» ғимаратында басталды, және «ШАЖ-Әл-Фараби» маршрутымен Тұңғыш Президенттің саябағынан «Медеу» тау шаңғысы курортына дейін жалғасты.
Айта кетейік, бірінші кезеңде Алексей Луценко жарыс жолын 3 сағат 49 минут және 52 секундта бағындырды. Ал екінші болып мәреге француз велошабандозы Реми Ди Григори жетсе, ирандық Мирсамад Пурседиголаxар қола жүлдені қанағат тұтты.