Бұл аралықта аса ауыр қылмыс, кісі өлімі, зорлық, қарақшылық, ұрлық, алаятық және басқа да қылмыс түрлері азайды.
Астана қаласының ІІД мәліметінше, елордада қылмыс деңгейі 10 мың адамға 28,7% дейін төмендеді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған қоғамдағы тәртіпбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.
«Жыл басынан бері 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 3 296 кіші бұзақылық, 4 967 тыныштықты бұзу, 13 879 қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішіп, мас күйінде жүру, 12 243 – тыйым салынған жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережесін бұзу, 1 331 – қоғамдық орындарда жармасу», - делінген Астана қаласының ІІД таратқан хабарламада.