«Адами капиталды дамыту АКМ әзірлеп жатқан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Осылайша, бағдарлама цифрландырудың артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті халықтың дағдылары мен құзыреттерін дамыту арқылы креативті қоғам құруды, сондай-ақ экономика салалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар даярлауды қарастырады», деді Д.Абаев.
Министр айтып өткендей, бағдарлама аясында Білім және ғылым министрлігі экономика салалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мамандар даярлау үшін 8 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Аталған бағыттарды іске асыру білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнату үшін мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ экономикалық дамудың қуатты қозғаушы күші ретінде оқу орындарының рөлін күшейтеді.
Министрлік БҒМ-мен бірге хостинг қызмет көрсетулері аясында БҒМ-нің ақпараттық жүйелерін виртуалды серверге көшіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деді Д. Абаев.
Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»