Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Әуе апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі әуе апатында қаза болған дәрігерлердің есімдерін атады.

Әуе апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

«Ауыр халдегі жүкті әйелге көмек көрсету үшін 3 қазан күні сағат 18.39-да Алматы қаласынан Шымкент қаласына санитарлық авиация бригадасының 2 дәрігері, атап айтқанда, профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Патсаев Талғар Әнапиұлы мен профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы ұшып шықты.

Бортта науқастар болған жоқ. Ұшу Республикалық санитарлық авиация орталығының келісімшарты негізінде «East Wing» әуекомпаниясының «АН-28» ұшағында жүзеге асырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндеттерін орындау барысында көз жұмған медициналық қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айтады және моральдық, материалдық көмектер көрсететін болады», делінген ведомствоның хабарламасында.  

Айта кетейік, 3 қазан күні сағат 19.15-те Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында санитарлық авиация рейсін орындаған «АН-28» ұшағы құлап, өртенді. Бортта болған 5 адам қаза тапты.