Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды.
Кәсіпорынның өнімдік қуаты – жылына 6 мың тонна көкөніс. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.