Парламент • 05 Қазан, 2017

Сенаторлар Қазақстанның АИИБ-ге қатысу шарттарын талқылады

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне, Халықаралық Қаржы корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» заңға өзгерістер қаралды.

Сенаторлар Қазақстанның АИИБ-ге қатысу шарттарын талқылады

Енгізілетін ережелер Қазақстанның жаңа халықаралық ұйымға – Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіге (АИИБ) мүшелігіне құқықтық шарттарын реттейді. Біздің еліміз Банкінің аймақтағы толыққанды мүшесі болып табылады. 2015 жылғы 29 маусымда Бейжіңде 57 құрылтайшы елдер өкілдері қол қойған АИИБ-ны құру туралы Келісімнің баптары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы заңымен ратификацияланды.

Талқылауға ұсынылған заң жобасы АИИБ-мен қатынастарға өкілетті мемлекеттік органдарды айқындайды. Атап айтқанда, байланыс арнасы ретінде Үкімет (ұлттық экономика министрлігі) белгілеген тиісті ресми орган анықталды, барлық қаржы операциялары мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін – қаржы министрлігі; ұлттық валютадағы барлық қаржының және АИИБ-нің басқа да активтерінің депозитарийі ретінде Ұлттық банкі белгіленді.

Одан басқа, құжат Қазақстан Республикасы АИИБ-ге мүшелікке байланысты өзара қаржы-қаражат қатынастарды қаржы министрлігі мен Ұлттық банкі арқылы реттейді.

АИИБ-нің негізгі мақсаттары аймақ экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу және өзара байланысты инфрақұрылымды нығайту, инфрақұрылымдарға және экономика секторына басқа да өндірістік инвестиция әкелу арқылы Азия елдерінің экономикалық және әлеуметтік өркендеуін ынталандыру болып табылады. Энергетика, көлік және телекоммуникация салаларындағы жобаларды қаржыландыру Банкі қызметінің басым бағыты болуы тиіс.

АИИБ капиталындағы Қазақстан үлесі (қол қойылған капитал) 729,3 миллион АҚШ долларын (0,7930 пайызы), ортақ үлестің 10 387 дауысын (0,9612 пайызы) құрайды. Төленген капитал 145,9 миллион долларды құрайды, ол бес жыл бойы (2016-2020 жылдарда) жыл сайынғы 29,180 миллион доллар көлемінде мүшелік жарна төлеуді талап етеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.