«Балбөбектің» де өзіндік тарихы бар. Қарымды қаламгер, дарынды журналист, кезінде «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы қызметін атқарған Рымқұл Сүйлеменов тұсауын кескен осы арнайы бет әлі күнге жалғасын тауып келеді.
Биыл да ұжымның ұйымдастыруымен бір топ жас тілшілер газеттің туған күні қарсаңында радакцияға арнайы шақырылды. Атап айтар болсақ, Қарқаралы ауданы, №3 Ынталы мектебінің оқушысы Шалқар Cүлейменов, Балқаш қаласы, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «Кәусар» орталығының жас тілшісі Әнуар Искаков, Қарағанды қаласындағы №53 мектеп-лицейінің оқушысы Фариза Құрманғалиева, Ақтоғай ауданы, К.Байсейітова атындағы мектеп оқушысы Әминә Зекен, Шет ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп оқушысы Айсаным Қайратова, Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы мектеп оқушысы Мәди Пазыл, Бұқар жырау ауданы, Көкпекті орта мектебінің оқушысы Дильназ Жаңбырбаева, Осакаров ауданы, №1 қазақ орта мектебінің оқушысы Ақбота Әбдуова, Қарағанды қаласы, №77 мектеп оқушысы Еркежан Сағынтай арнайы дипломмен марапатталып, «Балбөбектің» естелік сыйлығына ие болды. Сонымен қатар газет жанашыры және ұрпақ тәрбиешісі болғаны үшін бүлдіршіндердің ұстаздары да алғыс хаттармен марапатталды.
Басылым басшысы Мағауия Сембай жас тілшілерге ұлтының жоғын жоқтар, абыройын асқақтатар азаматтары болуына тілегін білдірді.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы