Авиацияның жауынгерлік әзірлігінің шынайы жай-күйін анықтау үшін ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК 53975, 30153, 54865 әскери бөлімдері армиялық авиациясының бір-бір эскадрильясы дабыл белгісі бойынша көтерілді.
Тексеру барысында ұшу құрамы пилотаждау машығы, нысанаға дөп шығу шеберлігі, шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік қолдануға ұшуларды орындау бойынша бағаланды.
«Қазақстан» полигонында UH1-II Хьюи түнгі көру авиациялық көзілдіріктерін қолдана отырып, десантты шығарумен жерді барлауды орындады. Авиациялық көзәйнектер шектеулі көрінудің түнгі жағдайларында тікұшақты басқару үшін арнайы дайындалған. Авиациялық қару-жарақты жауынгерлік қолдануды қоса есептегенде, ұшуды, қонуды және өзге де операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайлардағы пилотаж ұшу құрамын дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылады.
Армиялық авиация ұшқыштары басқарылмайтын авиациялық зымырандардың іске қосылуын жүзеге асырды. Әрбір зымыран, бомба және снаряд өз межесіне қол жеткізді, шартты қарсылас жойылды. Ұшу құрамы тапсырманы «үздік» деген бағаға орындады.
Сонымен бірге, Ми-17 тікұшақтарының экипаждары күндізгі және түнгі жағдайларда ұшуларды орындады. Жарықшақты-фугасты авиациялық бомбалармен көздеп бомба лақтыру орындалды, басқарылмайтын авиациялық зымырандардың іске қосылуы іске асырылды, сондай-ақ атыс-зеңбіректік қару-жарақ қолданылды.
Сонымен қатар комиссия жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуының ұйымдастырылуын, жауынгерлік даярлықты, ұшулардың жерүсті қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, инженерлік-техникалық құрам мен байланыс мамандарының жұмысын тексерді.
Қорытынды тексеріс көрсетілген бөлімшелердің ұшу құрамы жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әзір және мемлекеттің әуе шептерін күзету жөніндегі қойылған тапсырмаларды орындай алатынын көрсетті.