Қазақстан • 08 Қазан, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, тек шығысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.


Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Костанай облысының түнде  кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с  күшейеді.