Тәуелсіздігіміздің баянды болуына қызмет ететін, сырттан келіп жатқан ақпарат тасқынына төтеп беретін қазақ тіліндегі әрбір жаңа басылымға қолдау көрсету абзал. Қоғамның түзелуі адам тәрбиесінен, адам тәрбиесі отбасынан басталатынын ескеріп, өткен жылы күзде «Шаңырақ серігі» деген атпен ақпарат айдынына шыққан жаңа журналға бір жыл толды. Алғашқы қиындықтарға қарамастан, бұл журнал да өзінің бет-бағдарын айқындап алуға ұмтылғаны байқалады. Қазақ тілінде ай сайын шығатын «Шаңырақ серігінде» бір жыл уақыт ішінде жарияланған материалдарға аз ғана тоқталып өтсек, «Дәстүр» айдарымен Ақселеу Сейдімбектің «Туысқандық атаулар жүйесі» деген еңбегі, «Өнер – мәңгілік» айдарымен Бетховен, Огинский, Сеговия, Брамс, т.б. әлемдік өнер тарландары туралы мақалалар жарық көрді. «Шаңырақ серігінің» анықтамалығы «Мұзтау» деп аталған айдар «Бір саланы толық біл, әр саланы шолып біл» дегенді ұран етіп, нөмір сайын белгілі бір сала жөнінде әр отбасына қажетті әрі қызықты мағлұмат беріп отырады. Мысалы, осыған дейін оқырмандарға «Сән (мода)», «Интернет», «Ақша», «Грек мифологиясы», «Футбол» тақырыптары ұсынылды. Бұл айдардың материалдары қиып алып сақтап қоюға ыңғайлы етіп жасалған. Журналдың тағы бір ұтымды бастамасы – «Үй кітапханасы» айдары. Мұнда «ХХ ғасыр: қазақтың жүз кітабы» деген атпен қазақ кітаптарын әрбір шаңыраққа насихаттау көзделген. «Ақиқат пен аңыз» кітабы туралы жазушы Ә.Нұршайықовтың көзі тірісінде алынған сұхбат, Т.Айбергеновтің «Құмдағы мұнаралар», М.Мақатаевтың «Өмірдастан», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», М.Мағауиннің «Аласапыран», Қ.Аманжоловтың «Дауыл» кітаптары туралы мақалалар осы айдар аясында жарық көрді. Тағы бір тартымды жоба – «Сол жылы... сол күні...» деп аталатын айдар. Мұнда тарихтағы ерекше оқиғалардың қалай болғаны жан-жақты дерек көздері арқылы және куәгерлер сөзімен баяндалады. «Қатар жанған жұлдыздар» айдары бір шаңырақ астында өмір сүрген ерлі-зайыпты, тарихта із қалдырған тұлғалар жайында әңгіме қозғайды. «Алаң» айдарымен қоғамдағы көңіл алаңдатар мәселелер сөз етілсе, «Тіл және отбасы» айдары әр шаңырақтағы тіл тазалығына үлес қосуды көздейді.
Әмина ҚҰЛЖАБАЕВА.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39