Үкімет • 09 Қазан, 2017

Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды

Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады. Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады.

Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған. Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30