Сочи қаласында өткен XV «Хрустальное колесо» байқауында қалалық саябақ осындай құрметті атаққа ие болды.
Аталмыш байқау барысында жыл сайын ойын-сауық пен демалыс индустриясындағы көшбасшылар анықталады. Жалпы байқауға 162 саябақ қатысты. «Астаналық» саябақ жеңіп шыққан «Келушілер саны жылына 500 мыңнан - 1 млн адамға дейін жететін үздікашық ойын-сауық саябағы» номинациясы ең ірі аталым. ТМД аумағында 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылған Сочи-саябағынан басқа барлық саябақтар осы санатқа жатады. Үздік саябақ атағы үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Тбилиси және басқа да ірі қалалардың саябақтары таласты.