Қазақстан • 10 Қазан, 2017

Қазақ ұлттық хореография академиясында би өнерінің мамандары даярланып жатыр

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған Қазақ ұлттық хореография академиясы аз ғана уақыттың ішінде Астананың мәдени-рухани өмірінен өзінің лайықты орнын алып үлгергені анық. Бүгінде мұнда би өнерінің болашақ мамандары даярланып жатыр. 

Қазақ ұлттық хореография академиясында би өнерінің мамандары даярланып жатыр

Талаптың тұлпарын мінген жас таланттар қазіргі таңда қабілеттерін ұштап, сахнадағы алғашқы қадамдарын жасап жүр. Олардың көрермен көзайымына айналар сәулелі сәттері әлі алда.

Сенбі күні «Астана балет» театрында осынау оқу ордасының айтулы мерекесі – студенттер қата­рына қабылдау салтанаты өтті. Академияға жаңадан түс­кен жеткіншектердің жанарында қуаныш оты жарқылдап, бола­шақтарына бек сенгендіктің белгілері байқалады. Балала­рының белін буып, ақ жол тілеу­ге келген ата-аналардың да жар­қын жүздері бал-бұл жанып тұр.

Салтанатты рәсімге қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  Президентіміздің са­раб­дал саясаты арқасында Қа­зақ­станның  абырой беделі ас­­қақтап, халық­аралық қо­ғамдастық мойындарлық биік деңгейге көтерілгенін, мәдениет саласында да аса ірі табыстарға жеткеніне тоқталып, Мемлекет басшысының өнерді өркендетуге үлкен қамқорлық жасап келе жатқанын атап көрсетті. Бүгінгі мереке иелерінің сол еңбекті ақтайтындарына сенім білдірді.

Ал академия ректоры, Ре­сей­дің халық әртісі Алтынай Асыл­мұратова үлкен толқу үстіндегі шәкірттеріне былайша сәт сапар тіледі. «Сендер үшін бұл ешқашан ұмытылмастай ерекше күн. Бүгін кәсіби сахнаға алғаш рет аяқ басасыздар. Көп нәрсені үйренулеріңіз керек. Ол үшін өз істеріңізге жан-тән­деріңізбен берілгендеріңіз жөн. Оқып-үйренуден әсте жалық­паңыздар. Еңбек ете біліңіздер. Бірде-бір күндеріңізді босқа өт­кіз­беуге тырысыңыздар. Қалаған ма­мандықтарыңызға адал бо­лыңыздар. Сонда балеттің си­­қырлы әлемі есігін айқара аша­ды. Олай болса, өнердегі сапарларыңызға сәттілік ті­леймін», деді Алтынай Әб­дуәхимқызы ағынан жарылып.

Шат-шадыман қызыққа то­лы шараның соңы академия оқу­шылары мен студенттерінің күшімен дайындалған кон­церттік бағдарламаға ұласты.  

 

Талғат БАТЫРХАН,

«Егемен Қазақстан»