Қазақстан • 09 Қазан, 2017

«Astana Media Week» аясында белгілі мамандар семинар өткізді

450 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен қызметкерлері «Astana Media Week» бірінші медиа апталығы аясында Бас редакторлар клубы мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткізген коммуникациялық менеджмент бойынша семинар-тренингтер арқылы білімдерін жетілдірді.

 «Astana Media Week» аясында белгілі мамандар семинар өткізді

2017 жылғы 5-6 қазан күндері «Коммуникациялық медиа-менеджмент» семинары ұйымдастыралды. Оған лектор ретінде PR-маман, журналист, «Informburo.kz» ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, журналист, медиатренер Сергей Пономарёв, «Имидж-Медиа» баспа үйінің негізін салушысы және жетекшісі, «Пресс-служба» журналының бас редакторы (Мәскеу қ.) Тимур Асланов, журналист, тележүргізуші, «Шабыт» ҚазҰөУ Телеарна және кинорежиссура кафедрасының доценті, «Ikerim.kz» CEO ақпараттық порталы және «Social 1»  ақпарат агенттігінің жетекшісі Айгүл Мукей секілді мамандар шақырылды.

«Дағдарыс жағдайындағы коммуникацияны басқару» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізген М.Дорофеев коммуникациялардың түйінді қағидаттарына, дағдарысқа қарсы коммуникациялардың стратегиясы мен әдістері жайлы сөз қозғады.

«БАҚ-пен қарым-қатынас. Кеңес пен тәжірибе» семинар-тренгинте С.Пономарёв қатысушы тыңдармандарды медиажаһандану үрдістерімен, медиасаласының дамуының жаңа тенденцияларымен таныстырды. Сонымен қатар, бұқаралық коммуникациялардың заманауи беталысы, қазақстандық БАҚ нарығы, фейк жағалықтар, диджитализация, Facebook және басқа да тақырыптар бойынша дәріс оқыды.

Тимур Асланов өзінің «Әлеуметтік желілердегі PR және SMM» семинар-тренингінде әлеуметтік желілердегі БАҚ жұмысының дұрыс стратегиясын қалыптастыру, онда жұмыс істеу ерекшеліктері мен желілердегі жұмыс арналарын таңдау, ньюсджекинг, ақпараттық сылтау қызметін ұйымдастыру, блогерлер арқылы ақпарат тарату мен ой-пікір көшбасшыларымен жұмыс істеу жайлы тәжірибесімен бөлісті.

Айгүл Мүкей болса жиналғандарды шешендік шеберлікке үйретіп, көпшілік алдында сөйлеу өнерінің қыр-сырын көрсетті. 

 
Екі күндік «Коммуникациялық медиа-менеджмент» семинарының соңында барлық қатысушыларға білімін жетілдірілгенін растайтын сертификат табысталды.

Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының өңірлік коммунникация қызметінің жетекшісі Абай Бекбаев: «Astana Media Week форматындағы іс-шара – ең алдымен, өңірлік БАҚ өкілдері мен коммуникация байланыс қызметкерлеріне өте қажет деп есептеймін. Бұл, байланыс орнатуға, тәжірибе бөлісуге және ой-пікірмен алмасуға айтарлықтай септігін тигізеді деп білемін. Әсіресе, қазақсандық және шетелдік БАҚ жұмыс тәжірибесін өз көзімізбен көруге көрнекті мүмкіндік береді. Медиа апталығы аясында өңірлік БАҚ алған білімдерін өз жұмысында қолданады деген сенімдемін.  Бас редакторлар клубы ұйымдастырған семинар ерекше ұнады. Төрт блок бойынша берген дәріс бағдарламасы өте пайдалы болды. Өзіме қызықты, әрі қажетті көп нәрсе жинақтадым».

Бибигүл Ақкужина, Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы ММ жетекшісі: «Біз Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастырған ауқымды диалог алаңына алғаш рет қатысып отырмыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестерімізді көргеніме қуаныштымын. Бұл үш күн түрлі оқиғаларға мол болды. Барлық іс-шаралардан қалыс қалмауға тырысып бақтық. Коммуникациялық медиа-менеджментке арналған семинар ұнады. Тренинг жүргізген спикерлер ойдағыдай таңдалған. Ең бастысы, олардың бүгінгі күнде сол салада қызмет етіп жүрген тәжірибелі маман болғаны және бәрімізге БАҚ-пен конструктивті өзара әрекет ету бойынша кеңестерді түсінікті тілмен жеткізе білгендері көңілден шықты. Ресейлік әріптесіміз Тимур Аслановтың семинар-тренингі әсерлі болды. Жеңіл де түсінікті мәнерде өткізді. Сондай-ақ, Михаил Дорофеевке тәжірибелік тапсырма уақытында түрлі жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да, осы секілді семинарлар өткізілсе екен деген тілек білдіреміз».