Қазақстан • 11 Қазан, 2017

Жанар-жағармай тапшылығын Үкімет жүйелі түрде шешуі тиіс - Тоқаев

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәжілісі Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ішкі нарықтағы жанар-жағармай мәселесіне қатысты пікірі білдірді.


Жанар-жағармай тапшылығын Үкімет жүйелі түрде шешуі тиіс - Тоқаев

«Жанар-жағармай тапшылығы мен қымбатшылық мәселесін үкімет жүйелі түрде, күрделі ахуалды сапалы сараптау негізінде шешуі тиіс» деп жазды Сенат төрағасы өзінің Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланған болатын.