Қазақстан • 13 Қазан, 2017

Палата халықаралық құжаттарды ратификациялады

214 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт То­қаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының оты­рысында Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы сотының судьялары лауа­зымына Мемлекет бас­шысының ұсынуымен Гүл­мира Жүсіпбекова мен Ас­қаржан Кенжеғарин сайланды. Сонымен қатар сенаторлар Қазақстан Рес­публикасының Үкіме­ті мен Өзбекстан Респуб­ликасының Үкіметі ара­сындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Палата халықаралық құжаттарды ратификациялады

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек та­ныстырған бұл құжат «Це­лин­ный» мен «Сырдария» автомо­биль өткізу бекеттерін ашуды, «Қазығұрт», «Қапланбек», «Ата­мекен» автомобиль өткізу бе­кеттерінің мәртебесін «екіжақ­тыдан» «көпжақтыға» өзгертуді жә­не темір жолдағы өткізу бе­ке­тін Бейнеу стансасынан Оазис стансасына ауыстыруды көздейді.

Сондай-ақ сенаторлар осы күні Инвестициялар және даму министрінің баяндауы­мен «Қа­зақ­стан Республи­касы­ның Үкі­меті мен Норвегия Король­ді­гінің Үкіметі арасындағы Ха­лық­аралық автомобиль тасымалдары туралы» келісімді ратификация­лады.

«Келісімді ратифика­ция­лау Қазақстан мен Норве­гия ара­сын­дағы автомобиль қаты­нас­тарын жүзеге асырудың құқық­тық негіздерін жасауға мүмкін­дік береді әрі екі елдің сау­да-эко­номикалық ынтымақтас­ты­ғын одан әрі дамытуға ық­пал ете­тін болады», деді Ж.Қа­сым­бек.

Бекітілген күн тәртібіне сай талқыланған төртінші заң жо­басы – «Қару саудасы туралы шарт­ты ратификациялау тура­лы» деп аталады. Бұл жө­нін­де баяндама жасаған Қор­ға­ныс министрінің орынбасары Тал­­ғат Мұхтаров 2013 жыл­ғы 2 сә­уірде Нью-Йоркте жа­сал­ған шарт төмендегідей санат­тар шеңберіндегі кәдімгі қару-жа­­рақ­тың барлық түрлеріне қол­да­ны­ла­тындығын айтты.

«Олар жауынгерлік танктер, жауынгерлік брондалған машиналар, үлкен калибрлі ар­тил­ле­риялық жүйелер, жауынгерлік ұшақтар, жауынгерлік тік­ұшақ­тар, әскери кемелер, зы­мы­ран­дар мен зымырандық ұшы­ру қон­дырғылары, атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтар. Осы шарт­тың ережелерін жүзеге асыру үшін әрбір қатысушы мемлекет ұлт­тық бақылау тізімін қоса алған­да, ұлттық бақылау жүйесін құра­ды және пайдаланады, сон­дай-ақ осы шартқа қатысты мә­се­лелер бойынша ақпарат ал­ма­су үшін ұлттық байланыс ор­та­лы­ғын тағайындайды», деді Т.Мұх­таров.

Баяндамашының айтуынша, осы шартты ратификация­лау кәдімгі қару-жарақтың халық­ара­лық саудасына бақылауды бел­­гілеу және күшейту арқылы ха­лықаралық қауіпсіздікті ны­ғайтуға, сондай-ақ олардың заң­сыз қайта бағытталуының және заңсыз айналымының жолын кесуге ықпал ететін болады.

Палата депутаттары осы күні «Қазақстан Республикасының Ха­лықаралық Валюта Қо­ры­на, Халықаралық Қайта Құру жә­не Даму Банкіне, Халық­ара­лық Қаржы корпорация­сына, Ха­лық­аралық Даму Қауым­дас­ты­ғына, Инвестициялар Кепіл­дігінің Көпжақты Агенттігіне, Ин­вестициялық Дауларды Рет­теу жөніндегі Халықаралық Ор­та­лыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Бан­кіне, Ислам Даму Банкіне мү­шелігі туралы» заңға өзгерістерді қабылдады.

Заңға енгізілетін ережелер Қазақстанның жаңа ха­лық­ара­лық ұйымға – Азия Ин­фра­құ­ры­лымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) мүшелігіне құқықтық шарттарын реттейді. Аталған құ­жат бойынша арнайы баяндама жасаған Ұлттық экономика бі­­рінші вице-министрі Руслан Дә­ленов біздің еліміз бұл банктің ай­мақ­тағы толыққанды мүшесі бо­лып табылатындығын атап өтті.

«2015 жылғы 29 маусымда Бейжіңде 57 құрылтайшы елдер өкілдері қол қойған АИИБ-ны құру туралы келісімнің баптары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы за­ңы­мен ратификацияланды. Заң АИИБ-мен қатынастарға өкі­летті мемлекеттік органдарды ай­қындайды. Атап айтқанда, бай­ланыс арнасы ретінде Үкімет (Ұлт­тық экономика министрлігі) бел­гілеген тиісті ресми орган анық­талды, барлық қаржы опера­циялары мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін – Қаржы министр­лігі; ұлттық валютадағы бар­лық қаржының және АИИБ-нің басқа да активтерінің депо­зи­тарийі ретінде Ұлттық банк бел­гіленді», деді ол өз сөзінде.

Вице-министрдің түсін­ді­руінше, құжат Қазақстан Рес­публикасы АИИБ-ге мүшелікке байланысты өзара қаржы-қара­жат қатынастарды Қаржы ми­нистрлігі мен Ұлттық банк арқылы реттейді.

Айта кетейік, АИИБ-нің не­гізгі мақсаты аймақ экономи­ка­сының тұрақты дамуына жәрдемдесу және өзара байланысты инфрақұрылымды нығайту, инфрақұрылымдарға және экономика секторына басқа да өндірістік инвестиция әкелу арқылы Азия елдерінің экономикалық және әлеуметтік өркендеуін ынталандыру болып табылады. Энергетика, кө­лік және телекоммуникация салаларындағы жобаларды қар­жыландыру банк қызметінің басым бағыты болып табылады. Ал АИИБ капиталындағы Қазақстан үлесі (қол қойылған капитал) 729,3 миллион АҚШ долларын (0,7930 пайызы), ортақ үлестің 10 387 дауысын (0,9612 пайызы) құрайды. Төленген капитал 145,9 миллион долларды құрайды, ол бес жыл бойы (2016-2020 жылдарда) жыл сайынғы 29,180 миллион доллар көлемінде мүшелік жарна төлеуді талап етеді.

Сонымен қатар жиын соңында сенатор Сарсенбай Ең­се­геновтің еліміздегі жанармай жетіспеушілігі мәселесі жөніндегі және Атырау облысындағы Қи­ғаш өзенінің түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы, Талғат Мұсабаевтың ел­дегі ұшу қауіпсіздігінің қолай­лы деңгейін қамтамасыз ету туралы, Дүйсенғазы Му­син­нің «шекаралық аудандар» терминінің мәртебесін заңнамалық анықтау және ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, сондай-ақ шекаралық аудандарда шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін және ынталандыру нормаларын дамыту қажеттілігі туралы, Серік Жақсыбековтің мемлекеттік органдармен Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа еліміздің енуі туралы және Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылу туралы депутаттық
сауалдары жария етілді.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»