Әлем • 14 Қазан, 2017

ЮНЕСКО-ның жаңа бас директоры сайланды

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Атқару кеңесі (ЮНЕСКО) француз қайраткері, бұрынғы мәдениет министрі Одре Азулені ұйымның бас директоры қызметіне сайлады, деп хабарлайды ТАСС.

ЮНЕСКО-ның жаңа бас директоры сайланды

Атқару кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Одре Азуленнің кандидатурасын қолдап дауыс берген.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Атқару кеңесі дүйсенбі күні бірінші турда ұйымның жаңа бас директорын сайлай алмағандығы туралы хабарланды. 

Алғашқыда ЮНЕСКО бас директоры қызметіне тоғыз үміткер ұсынылды, кейін Гватемала мен Ирак қосылды. Осылайша, сайлауға Әзербайжан (Әзербайжанның РФ-тегі елшісі, композитор және ғалым Полад Бюльбюльоглы), Қытай (ЮНЕСКО бас директорының білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары, дипломат Цянь Тан), Египет (құқық қорғаушы және отбасы істері жөніндегі бұрынғы министр Мушира Хаттаб), Ливан (мәдениет министрінің кеңесшісі Вера Эль-Хури Лакёй), Вьетнам (СІМ басшысының орынбасары Фам Суан Шон), Катар (бұрынғы мәдениет, өнер және мұра министрі Хамад бин Абдулазиз аль-Кавари), Франция (бұрынғы мәдениет және коммуникациялар министрі Одри Азуле) қатысты.