Елдің мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, Қырғызстан президенті сайлауына 3 025 768 дауыс беруші қатыса алады.
Айта кетерлігі, бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген, алайда Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты олардың деректері өшірілген және оларға дауыс берілмейді. Бұл елдегі мемлекет басшысын таңдау үшін өткізілген жетінші сайлау.
Сайлау учаскелері бүгін сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар, Бішкектің жергілікті уақыты бойынша сағат 10: 00-де Ресейде (Владивосток, Красноярск, Новосибирск, Екатеринбург), Жапонияда, Кореяда, Қытайда (Пекин, Гуанчжоу), Малайзияда, Үндістанда, Пәкістанда, Қазақстанда (Астана, Алматы), Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстанда учаскелік сайлау комиссиялары ашылды. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Айта кетерлігі, Президент Алмазбек Атамбаев Бішкек қаласындағы №5 кәсіптік лицей аумағындағы № 1209 учаскесінде сайлауға дауыс берді.
«Сайлауда кім жеңіске жететінін ешкім білмейді, халық өзінің көшбасшысын таңдайды. Мен үшін сайлау - бұл мереке. Оны ұйымдастыру үшін көп күш жұмсадым, және біз ұлттық мерекені бұзуға мүмкіндік бермейміз», деді Атамбаев.
Ал президентікке үміткер Омурбек Бабанов сайлау учаскесінде БАҚ-қа бүгінгі күннің маңыздылығы туралы айтып берді.
«Мен өзгерістерге дауыс бердім, өйткені біздің республикамыз әлемнің он дамыған елдерінің бірі бола алады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде кімнің жеңіске жететіндігі анық болады. Мен сайлау әділетті болғанын қалаймын. Мен өзіме сенімдімін, өйткені мен көп адамдармен кездестім және қоғамдық пікір сұрауларының нәтижелерін көрдім. Кешке жаңа президенттің есімі белгілі болады. Барлығын халық таңдайды. Бүгін маңызды күн, сондықтан жағымды нәрселер туралы әңгімелесейік. Халық жеңіске жетуі керек», деді О.Бабанов.
Естеріңізге сала кетейік, сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, барлығы 226 616 адам дауыс берді, деп хабарлады Қырғызстан ОСК баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының лауазымына үміткерлер: Эрнис Зарлыков, Токтайым Умөталиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров, Арсланбек Малиев.