Әлем • 15 Қазан, 2017

Қырғызстан президентін сайлауда 1 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек уақыты бойынша сағат 17.00-дегі сайлау мәліметтері бойынша Қырғызстандағы сайлаушылардың көрсеткіші 40,12% болды. Бұл туралы республиканың Орталық Сайлау Комиссиясы мәлімдеді.

Қырғызстан президентін сайлауда 1 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді

Knews.kz агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда 1 миллион 213 мың 803 сайлаушы дауыс берді.

Бішкек қаласында - 45,05% (192 223 адам), Шу облысында - 37,04% (181,862), Ыссық-Көл облысында - 40,59% (105,188), Нарын облысында - 40,95% (67 мың 913), Талас ауданында - 45,75% (59 мың 568), Ош облысында - 38,94% (229 мың 519), Ош қаласында 52,8% (84 мың 133), Жалал-Абад облысында - 36,47% (199 мың 028), Баткен облысында - 37,33% (90 мың 975).

Еске салайық, бүгін, 15 қазанда Қырғызстанда президенттік сайлау өтіп жатыр. Мемлекет басшысының лауазымына 11 кандидат өтініш берді.