Қазақстан • 18 Қазан, 2017

Бармысың, балалар дәрігері?

528 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Бармысың, балалар дәрігері?

Кездесуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы арқылы атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері және оны одан әрі іске асыру жөніндегі жос­парлар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық диқандарын астық жинау науқанының табыс­ты аяқталуымен құттықтады.

– Жаз айларының басындағы күрделі жағдайға қарамастан, ауыл еңбеккерлері айтарлықтай көлемде астық жинады. Ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға және өнімімізді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Жалпы, барлық мәліметтер оң қарқынды көрсетіп отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы­ның ел экономикасындағы маңызды рөліне тоқ­талып, осы салаға бөлінген қаржыны пай­да­ланудың тиімділігі төмен екенін атап өтті.

– Аграрлық сектор экономикамыздың қоз­ғаушы күші болып саналады. Оған мемлекет көп қаржы құйып жатыр. Оның тиісті қай­тарымы болуға тиіс еді, бірақ, өкінішке қарай, олай болмай отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті биылғы астық жинау науқаны жоғары қар­қын­мен жүргізілгенін айтты.

– Биыл 21,7 миллион тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 14,2 центнер­ден болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, көбірек. Белгіленген жоспарға сәйкес, біз тұтынушылық кооперацияны дамытумен, тұқымдық қорды жақсартумен және мал шаруашылығының өнімділігін арттырумен айналыстық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы өнімділігінің көлемін еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып арттыру қажет­ті­гіне назар аударды.
Асқар Мырзахметов Қазақстан Пре­зи­дентіне агроөнеркәсіптік кешеннің мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруа­шылығының 12 басым ба­ғытын одан әрі да­мытудың арнайы кар­таларын әзірлеу барысы жөнінде баян­дады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Сурет Президенттің 
баспасөз қызметінен алынды