Сонымен қатар биыл Қазақстан шекараларында 60 мыңға жуық шетелдік автокөлік тексеруден өтті. Соның 2,5 мыңы құқықтық талаптарға сай келген жоқ. Осы заң бұзушылардың жартысына жуығы Қырғызстаннан келетін көліктерге тиесілі. Кейінгі кезде көрші елден келетін көліктердің құқық бұзушылығы 60 пайызға көбейді. Олар үш түрлі жағдайда заң бұзады.
Біріншіден, қырғызстандық тасымалдаушылар Қазақстанның ішкі қалаларында тауар мен өнім тасымалдап, соның ақысын алып жүр. Мұндай қызметті отандық тасымалдаушылар жасауы тиіс болатын. Екіншіден, Қазақстан аумағынан тауар тасу үшін шетелдіктерге арнайы рұқсат керек. Ал қырғызстандық тасымалдаушылардың көбінде ондай құжат жоқ. Үшіншіден, көрші елден келетін көлік жүргізушілері салмақ шектеуін жиі бұзып, артық жүк алып өтуге тырысады.
Қуаныш ЕРМҰХАНОВ,
Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы