Қазақстан • 19 Қазан, 2017

«Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында қаралу мен емделу бағасы арзандатылады

490 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасына еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қаралушылар мен ем алушылар қатары көп. Көп салалы аурухана кез келген пациентті барлық қажетті жағдаймен, яғни еліміздегі ең үздік медициналық құрал-жабдықтарды қолдануымен және сапалы тексеруден бастап операциядан кейінгі бақылау мен оңалтуға дейінгі қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. 

 

«Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында қаралу мен емделу бағасы арзандатылады

Ядролық медицина бөлімінің меңге­рушісі Айгүл Сәдуақасова ауруханада ем алушылардың өті­ніші бойынша магнитті-резо­нансты томография (МРТ) мен ком­пьютерлік томографиядан өткі­зуді күн сайын, яғни сенбі және жексенбі күндері де жүргізе бастағанын айтады. Өйткені адам ағзасындағы кішкене өзгерісті, мәселен, онкологияны дер кезінде анықтаудың маңызы зор. Біздің құрал-жабдықтарымыз кішігірім өзгерістердің өзін көруге және ем­ді өз уақытында бастауға мүмкіндік береді, дейді ол.

Құрылғанына екі жыл ғана бол­ған медициналық кешен аз уақытта шебер­ліктерін үнемі же­тіл­діріп келе жатқан, өзге меди­циналық мекемелердегі әріп­­тестеріне де үйретіп жүрген кә­сіби ма­ман­дарының арқасында адамдардың сеніміне ие болды. Ем алушылар Пре­зиденттік емхананың уақыт пен қаржыны үнемдей отырып, бір уақытта бірнеше ауруды қатар емдейтінін жо­ғары бағалайды. Осы орайда аурухана директорының емдеу-диагностикалау жұмыстары бойынша орынбасары Рау­шан Қарабаеваның айтуынша, әр ай сайын өткізілетін «Менің сүйікті дә­рігерім» акциясы аясында жоғары са­натты ма­мандардың қабылдауы, инструментальды және зертханалық зерттеулер құ­ны пациенттерге қолжетімді болу үшін төмен­детіліп отыр.

Мәселен, Президенттік ауру­­ха­нада ең­ үздік офталь­мо­логиялық орталық­тар­дың бірі жұмыс істейді. Онда тексеруден бастап операцияға дейінгі алдын алу шараларына дейінгі кешенді қызмет түрі көрсетіледі. Осы орталықта дәрігер Ырзық Жарылғасынова көздің торын нығайту әдістемесін енгізіп, оны белсенді түрде пайдаланып келеді. Көз торының ішкі қабығының зақымдануы немесе көру қабілетінің нашарлауы жас ұлғая келе пайда болатын және мінез-құлық себептеріне байланыс­ты әлемнің әрбір екінші тұрғынында кездесетін кесел.

«Хирургиялық нейро және ретинопротекция әдістемесі де­ге­німіз – көз қабығындағы сұ­йықтық пен көз алмасы ара­сындағы кеңістікте дәріліік препараттарды (биореттеуші пептидтер) енгізу. Биоынталандыру үде­рісі бір ғана мәрте, жанға бат­пайтындай жеңіл жүргізіледі. Ба­ғасы да қолжетімді, бірнеше айға ұзармалы тиімділігі де бар. Көздің көруі бір тәуліктен соң жақсара түседі», дейді дәрігер.

Аурухана мамандары диа­г­­нос­тика­лық зерттеулер мен кон­­сультациялар өт­кізу барысында кепілдендірілген тегін ме­­дициналық көмек көлемі шең­берінде стационарлық емді қажет етуші па­циенттерді іріктейтінін, ал бұл санатқа енбеген және ерекше күтімді қажет ететін пациенттер ақылы бөлімге жүгіне алатынын айта кеткен абзал.
 

 

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»