Жүргізуші мен кондуктор «ПАЗ» автобусын жөндеп жатқан кезде көліктен өрт шыққан. Оның неден шыққаны белгісіз. Оның бірінің денесінің 95 пайызы күйіп, тырысып қалған. Екіншісінің денесі 35 пайыз күйіп қалған. «Екеуі де жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», - деп хабарлайды Жезқазған қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінен.
"Өрт сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД апатты құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен арнайы үш техника жұмылдырылды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін автобус тұтастай жанып кеткен. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.