Қазақстан • 19 Қазан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Ішкі істер министрімен кездесті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Ішкі істер министрімен кездесті

Кездесу барысында Елбасы екі ел арасында орнаған мемлекетаралық серіктестіктің маңызын атап өтті.

«Қазақстан биыл тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт бойы біз Сауд Арабиясымен бауырлас қарым-қатынас орнатып келеміз. Астана қаласының құрылысына көрсеткен қолдауыңызға алғысымызды білдіреміз», деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қаупі төніп тұрған уақытта екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыс орнатудың маңызын атап өтті.

САК Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемдеме хатын сыйлап, Сауд Арабиясы корольдігінің екіжақты серіктестіктің одан әрі дамуына ынталы екенін жеткізді.