Отырыс барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Ағымдағы жағдай туралы ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Атырау, Алматы, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері баяндады.
Сондай-ақ, «Kaz Waste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықтың атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина, «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенко және т. б. сөз сөйледі.